Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 036 (Identifying love)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

36. Сүйіспеншілікті анықтау


Бұл ағаштың алма ағашы екенін қалай анықтауға болады?

Бала: «Онда алмалар өседі».

Ал бұл ағаштың өрік ағашы екенін қалай анықтауға болады?

Бала: «Онда өріктер өседі».

Мына ағаштың жаңғақ ағашы екенін ше?

Бала: «Онда жаңғақтар өседі».

Әр ағаш өз жемістерінен анықталады. Жақсы ағаш жақсы жеміс береді, ал жаман ағаш жаман жеміс береді.

Ал мәсіхшіні қалай анықтауға болады?

Исаға тиесілі адамдарды анықтауға болатын бір маңызды белгі бар. Екі дос бұл белгіні алғашқы мәсіхшілерден байқады.

1-ші дос: «Сен Руттың бұрынғыдай ашуланбайтынын байқадың ба? Бұрын ол көршілеріне үнемі шағым айтып, ұрысатын болса, ал қазір оларға көмектесіп, тіпті оларға құдықтан су әкеліп жүр екен. Мен ешкімнің көршілеріне мұншалықты сүйіспеншілікпен қарағанын көрген емеспін».

2-ші дос: «Ал Деметриус болса, әрқашан мұңды болып жүретін, ал енді барлығымен тату болып кетті. Ол қазір ешкіммен ұрыспайды. Ол екі аптадан бері мүлдем өзіне ұқсамайды».

1-ші дос: «Менің ойымша, бұның бәрі олар сенетін Исамен байланысты сияқты. Олардың бір-біріне көрсеткен сүйіспеншілігіне қарағанда, олардың мәсіхшілер екені анық».

2-ші дос: «Олар күн сайын дұға етеді. Мен олардың дұға ету үшін соншама уақытты қалай тауып жүргендеріне таң қаламын. Және олар өте бақытты болып көрінеді. Олар бір-біріне өте жақын достар».

1-ші дос: «Елестетіп көрші, Жүсіп өзінің жалғыз жер телімін сатып жіберіп, содан кейін барлық ақшаны қауым жетекшісіне беріпті, ал ол болса сол ақшаны кедейлерге таратып берді!»

2-ші дос: «Немене?! Ол есін жоғалтқан болар!»

1-ші дос: «Олардың кейбірі тіпті үйлерін сатып, бар дүние-мүлкілерін кедейлерге береді екен!»

2-ші дос: «Олардың берік бірлігі таң қалдырады! Олар сараңдықтың орнына, үнемі бір-бірімен бөліседі».

Олар шынымен де өзгерді. Енді олар бір-бірін жақсы көрді. Адамдар мұны көріп, таң қалды.

Мәсіхшілердің өмірі Құдайдың Киелі кітапта үйрететініне сай келеді.

(фонда әуен ойнап тұр)

Киелі Рух біздің өмірімізде тек жақсылық тудырады. Сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Бұл жемістер сенің өміріңде бар ма?

Исаға деген сенім сені өзгертеді. Адамның жүрегі өзгерген кезде, басқалар сол өзгерістің белгілерін көреді. Осындай белгілерді адамдар сенен байқады ма?


Рөлдер: Баяндаушы, бала, екі дос

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:59 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)