Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 025 (The saddest story)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

25. Ең қайғылы оқиға


Балалар, өз туған күнін ешқашан тойламаған адамдарды білесіңдер ме?

Олардың есімдері - Адам мен Хауа! Иә, олар туылған жоқ, оларды Құдай жаратты. Олар өте бақытты болды және әр күн олар үшін туған күн сияқты өтті. Олар Құдаймен бірге өмір сүрді. Олар Онымен сөйлесіп, Оның даусын естіді. Ешқандай соғыстар, аурулар, уайымдар болған жоқ. Құдай оларға барлығын молынан беріп, оларға былай деді:

Құдай былай деді: «Бақтың ортасында орналасқан ағаштан басқа, барлық ағаштардың жемісін жесеңдер болады. Тыйым салынған ағашқа тиіспеңдер, әйтпесе өлесіңдер».

Олар тек осы ағаштан басқаның бәріне ие болды. Адам мен Хауа Құдайды жақсы көрді және Оған шын ықыласпен мойынсұнды.

Бірақ бір күні адамның Құдаймен жақсы қарым-қатынаста болғанын қаламайтын біреу сөйлей бастады. Бұл шайтан еді. Ол бұрын періште болған, сонан соң тәкаппарланып, Құдайға тең болуды тілеп, жұмақтан қуылды.

Шайтан: «Құдай сендерге бұл ағаштың жемісін жеуге болмайды деп шынымен айтты ма?»

Хауа: «Біз осы ағаштан басқа кез келген ағаштың жемісін жей аламыз. Осы ағаштың жемісін жесек, біз өлеміз», – деді.

Шайтан: «Өлмейсіңдер».

Құдайдың жауы – кәрі өтірікші. Ол Құдай Сөзін бұрмалап, күмән тудырады. Жүрегінің түкпірінде Хауа Құдайдың өсиетін білді, бірақ ол азғырушы шайтанға мойынсұнды. Тыйым салынған ағаштың жемісі оған ұнамды болып көрінді, оны жұлып, өзі жеп, қасында тұрған Адамға берді.

Мойынсұнбау - күнә, ал күнә - қорқынышты зардаптарға әкеледі. Енді өмір бұрынғыдай болмайды.

Құдай былай деп сұрады: «Қайдасың, Адам?»

Құдай оларды шақырған кезде, олар қорқып, Құдайдан жасырынып қалды. Олар бір-бірін кінәлады. Күнә бақыт әкелмейді, ал әділ Құдай бізді күнә үшін жазалайды. Күнәнің жазасы – өлім, яғни Құдайдан мәңгілік ажырау! Адам мен Хауа жұмақтан кетуге мәжбүр болды.

Ең қорқынышты оқиға болды: күнә дүниеге кірді. Содан бері әрбір адам - күнәкар. Бірақ біздің Құдайымыз - сүйіспеншілік, сондықтан Ол біздің күнәларымызды Өз мойнына алатын және бәрін басынан бастауға мүмкіндік беретін Құтқарушыны жіберуге уәде берді.

Келесі шығарылымда бұл Құтқарушының Кім екенін білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, шайтан, Хауа, Құдайдың дауысы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:56 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)