Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 061 (A new star 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

61. Жаңа жұлдыз 1


Түнгі аспанда миллиардтаған жұлдыздар жымыңдады. Бабылдық ғұламалар телескоп арқылы нұрлы аспанға қарады.

1-ші ғұлама: «Аспанға қара! Жаңа жұлдыз пайда болды, мен оны бұрын көрген емеспін».

2-ші ғұлама: «Бұл рас. Белгісіз жақтан жаңа жұлдыз пайда болыпты. Бұл нені білдіреді екен?»

Бұл сұрақтың жауабын табу үшін, астрономияны жақсы білетін ғұламаларға, көне шиыршықтар мен жазулары бар тас тақталарды зерттеуге тура келді.

1-ші ғұлама: «Енді түсінікті болды! Жұлдыз Яһудилердің Патшасының дүниеге келгенін білдіреді!»

2-ші ғұлама: «Оның үстіне, Ол - ерекше Патша! Біз сапарға шығып, Оны тауып, Оған ізет білдіруіміз қажет. Ол біздің де Патшамыз болуы керек».

Сол уақытта, Иса, мәңгілік Патша, дүниеге келді.

Құдай мұны алдымен бақташыларға, содан кейін Бабылдың ғұламаларына хабарлады.

Көп ұзамай, ғұламалар түйелеріне Патшаға сый-сияпаттарын және өз заттарын артып алды. Олар 1000 шақырымнан астам жол жүрді. Олардың сапары бірнеше айға созылды. Бірақ Иса олар үшін бәрінен де маңызды болды. Олар Оған табынып және Оны өз Құдайы ретінде қабылдағандарын барлығына көрсетуді қалады.

Балалар, осы Туылу мейрамында Исаға табынғыларың келе ме? Исаның сендердің Тәңірлерің әрі Құтқарушыларың болғанын қалайсыңдар ма?

Ақырында шаршаған ғұламалар Иерусалимнің қақпасына жетті.

1-ші ғұлама: «Туылған Патша қайда екен? Біз Оның жұлдызын көріп, Оған табынуға келдік».

Бірақ оларға ешкім жауап бермеді. Адамдар бұған таңғалып, өз жолдарымен жүре берді. Және бұл хабар Ирод патшаны қатты таң қалдырды. Бұл сұмдық патшадан барлығы қорқатын болған, сонда да ол, патша тағынан айырылып қалам ба? - деп қорықты. Ол тез арада барлық дін мұғалімдерін өзіне шақырды.

Ирод: «Яһудилердің Патшасы қай жерде дүниеге келуге тиіс, мұны білесіңдер ме?»

Дін мұғалімі: «Әрине білеміз. Біз Құдай сөзін зерттедік. Онда Патшаның Бетлехемде туылатыны жазылған».

Бұл сөздер Иродтың жүрегін қорқынышқа толтырды. Бірақ ол қорқатынын ешкімге көрсетпеді. Ол бабылдық ғұламалармен оңаша қалып, олардан жасырын түрде былай сұрады:

Ирод: «Бұл жұлдыз қашан пайда болды? Сендер оны алғаш рет қашан байқадыңдар?»

Данышпандар ештеңеден күдіктенбей, оған бәрін айтып берді. Енді ол өзіне қажет нәрсенің бәрін білді.

Ирод: «Бетлехемге барып, нәрестені іздеңдер. Ал Оны тапқан кезде, маған келіп, Оның қайда екенін айтыңдар. Мен де Оған табынғым келеді».

Ол шынымен де Патшаға табынғысы келді ме? Әрине жоқ. Ол өтірік айтты. Ирод Патшаны өлтіргісі келді, сонда өзінен басқа ешкім патша болмайтын еді. Ғұламалар Бетлехемге сапарларын бастады. Ары қарай не болғанын келесі шығарылымда білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, екі ғұлама, Ирод, дін мұғалімі

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:04 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)