STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 008 (Earthquake at midnight)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

8. Түн ортасындағы жер сілкінісі


Кеме Філіпі қаласына тоқтады. Пауыл мен оның серігі Сыйлас жағаға шығып, қалаға аттанды.

Олар көшелер мен алаңдардағы адамдарға:

Пауыл: «Құдай сендерді сүйеді. Ол Өзінің Ұлын әлемге біз үшін жіберді. Иеміз Исаға сеніңдер, сонда құтқарыласыңдар» - деп айтып жүрді.

Лүдия есімді әйел Иса туралы әңгімелерге сеніп, қуанышпен оларды тыңдады. Басқалары наразы болып, ашуланып:

Адам: «Олар қалада шу шығарып жүр! Біз оларды тыңдағымыз келмейді. Оларды бұл жерден қуып шығайық!» - деп келісті.

Кенеттен адамдар тас алып, Құдайдың елшілеріне шабуыл жасады. Зұлым адамдар Пауыл мен Сыйласты ұстап алып, киімдерін жыртып, оларды таяқпен ұрды. Оларды қараңғы, дымқыл түрмеге тастады. Түрме күзетшісі олардың аяқ-қолдарына ауыр шынжырлар салды. Пауыл мен Сыйластың арқалары, аяқтары мен қолдары қатты ауырып, қиналды.

Біз Киелі кітаптан олардың ешқандай ашуланбағанын немесе «неге Құдай біздің басымызға осындай жағдайдың болуына жол берді?» деп шағымданбағанын оқимыз. Бұның орнына, олар түн ортасында Құдайға мадақтау әндерін айтты. Содан кейін бір керемет болды: Құдай оларға көмектесті, қатты жер сілкінді, шынжырлары үзілді және түрменің есігі ашылды. Түрме күзетшісі шудан оянып, бірден барлық тұтқындар қашып кетті деп ойлады. Ол басшылардан қатты қорқып, өзін өлтіргісі келді. Ол қылышты қолына алды...

Пауыл: «Тоқта! Өзіңе зиян келтірме. Біз бәріміз осындамыз!» - деді.

Шынында да, ешкім қашқан жоқ. Түрме күзетшісі дірілдеп, Пауылдың алдына құлап түсті.

Түрме күзетшісі: «Мен құтқарылуым үшін не істеуім керек?» - деп сұрады.

Пауыл: «Саған ештеңе істеудің қажеті жоқ. Иса сен үшін бәрін жасады. Сен тек Оған сен, сонда құтқарыласың».

Оңай емес пе? Түрме күзетшісі Исаға сеніп, өзгерді. Ол енді тұтқындарды азаптамай, оларға тамақ беріп, жараларын емдеп жүрді.

Келесі күні таңертең сот төрешісі осы екі адамды босату туралы бұйрықпен түрме бастығына адамдарды жіберді. Олар келіп, Пауыл мен Сыйласқа жамандық жасағандары үшін кешірім сұрады. Осыдан кейін, Пауыл мен Сыйлас көп жерлерге сапар шегіп, халықтарға:

Пауыл: «Тәңір Исаға сеніңдер, сонда құтқарылып, мәңгілік өмірге ие боласыңдар!» - деп жариялады.


Рөлдер: Баяндаушы, Пауыл, адам, түрме күзетшісі

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:51 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)