STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 005 (God loves you)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

5. Құдай сені сүйеді


Сәлем балалар! Бізді тыңдағандарың қандай тамаша! Қош келдіңдер! Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Мүмкін біреулерің қорқып немесе жалғыз қалған шығарсыңдар? Біреулерің мұңайып, біреулерің қуанарсыңдар. Ал араларыңда ауырып қалғандар бар ма?

Сенің көңіл-күйіңді білмеймін, бірақ мен саған бүгін керемет жаңалықты айтқым келеді: Құдай сені жақсы көреді! Тірі Құдай көк пен жерді жаратқанда да сен туралы ойлаған. Сен бұл дүниеге келмей тұрып-ақ Ол саған қуанды.

«Құдайдың сүйіспеншілігі» әні:

Бізді сүйгенің үшін, Саған, алғыс Құдайым, \ 7,2,5
Қуантасың, естисің дұғамызды ұдайы. \ 4,3,7
Қиыншылықтан, зұлымдықтан сақтайсың бізді, \ 14
Білесің, көмектесесің барлық ісің ізгі. \ 14

Сені сүйеді, мені сүйеді. Құдай бар адамдзатты сүйеді. \ 5,5,10
Әрбір күндерде, барлық сағатта, бәрімізді шексіз сүйеді. \ 10,9

Бар адамзатты сүйесің: жарлыны, байды да. \ 8,6
Жас, қартты, күшті, әлсіз, түсініп бар жайды да. \ 14
Бізді Өзің жараттың, шексіз сүйіп, сенесің, \ 14
Сен аспаннан біздерге мол батаңды бересің. \ 14

Құдай әлемдегі барлық адамдарды сүйеді. Және Ол бәрімізге керемет Сый берді, Киелі кітапта Ол туралы былай деп жазылған:

«Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады» (Жохан жазган Ізгі хабар 3:16).

Құдайдың сүйіспеншілігі керемет. Ол Өз Ұлын біздің күнәларымыз үшін өлуге жерге жіберді. Иса жерленді, бірақ үш күннен кейін Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті. Дәл осы сәтте Құдай сені Иеміз Иса Мәсіхке Құтқарушың және Иең ретінде сенуге шақырады.

Құдайдың дауысы: «Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейіріміммен сені Өзіме баурап келемін» (Еремия 31:3).

Құдайдың шақыруын қабылдайсың ба? Егер солай болса, онда сен қуаныш табасың және сен ешнәрседен қорықпайсың. Құдай әрқашан сенімен бірге. Оның сүйіспеншілігі ешқашан бітпейді. Бұл туралы сенің достарың біле ме? Құдай оларды да сүйетіндігін айт.


Рөлдер: Баяндаушы, Құдайдың дауысы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:51 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)