Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 135 (The schedule 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

135. Билет 3


(Жол қозғалысының шуы)

Бала: «Өмір мектебі, 2 бөлім: билет».

(жеңіске жеткендердің қуанышты айқайлары естіледі)

Халық жеңісті тойлады. Қаланың қабырғалары қарусыз құлады. Сарбаздар кернейлерін тартқанда, Құдай қаланың қабырғаларын құлатты.

Құдайдың көмегімен исраилдіктер көп ұзамай бүкіл елді жаулап алады. Жеңімпаздар шаттыққа бөленді. Бір адам болса өзінің шатырына жасырын түрде кірді. Ол жол ережесін бұзған жүргізуші сияқты, Құдайдың ұрлық жасама, деген заңын бұзды.

Құдай былай деді: «Қорықпаңдар. Қала сендерге берілді. Сендер тек Менің өсиетімді орындаңдар: ешкім жаудан олжа алмасын».

Құдай әрқашан да байыпты айтады және Оның барлық өсиеттері өте маңызды. Бірақ Ахан Құдайға мән бермеді.

Ахан: «Иерихонның қирандыларының астында таңғажайып дүниелер бар емес пе?! Әдемі бабылдық киімдер! Алтын мен күміс! Мұндай қазынаның жанынан қалай ғана өтесің?! Мені бәрібір ешкім көріп тұрған жоқ...»

Ешқандай радар оның әрекеттерін байқамады, бірақ Құдайдың «бейне камерасы» бәрін түсіріп алды. Ұрланған қазыналарды шатырға апарып, оларды жасырып қойғанша, Құдай Аханнан көзін алмады.

Келесі қаланы жаулап алудың уақыты келді. Барлаушылар жақсы жаңалық әкелді.

Барлаушы: «Ай - шағын қала. 3000 сарбаз оны оңай бағындырады».

Бірақ олар шайқаста жеңіліске ұшырады. Қаладан шегініп бара жатқанда, 36 адам қаза тапты. Ешуа Құдайға жалбарынды.

Ешуа: «О, Жаратушы Тәңір, неге бұлай болды? Неге Сен бізге көмектеспедің?»

Құдай оның сұрағына жауап берді.

Құдай: «Сендер күнә жасадыңдар. Біреуің ұрлық жасап кінәлі болды. Жағдайды түзетіңдер, сонда Мен сендерге көмектесемін».

Сонда бәрі анық болды. Ахан ұрлық жасағанын мойындады.

Бір адам күнә жасады, ал басқалары соның кесірінен зардап шекті. Өмірде де солай, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткен жүргізуші апатқа ұшыраса, соның кесірінен басқалар да өледі.

Жол ережесін бұзғандар айыппұл төлейді. Бірақ біз Құдайға айыппұл төлей алмаймыз. Әділ Құдай Өзінің өсиеттерін бұзғандардың өліммен жазалануын талап етеді. Сөйтіп, Ахан қайғы аңғарында таспен атқылап өлтірілді.

Бірақ, тыңдаңдар балалар! Әділ Құдай сүйіспеншіліктің де Құдайы. Айқышта өліп, Иса біздің орнымызда жазаланды. Егер сендер Исаға сеніп, Оның сендер үшін өліп, қайта тірілгеніне сенсеңдер, Құдай сендердің «кінәлі билеттеріңді» жыртып тастайды.


Рөлдер: Баяндаушы, бала, Құдайдың дауысы, Ахан, барлаушы, Ешуа

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:24 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)