Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 095 (I can't see Him)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

95. Оның жүзін көрмесем де


Бүгін маған Ару деген қыздан хат келді. Қызық, ол не жазды екен?

(баяндаушының хатты алып, оны ашып жатқаны естіледі)

Ару: «Сәлеметсіз бе! Мен сіздің шығарылымдарыңызды тыңдағанды өте жақсы көремін. Маған әуендер, әндер, өлеңдер ұнайды. Мен 10 жастамын, мен Киелі кітап әңгімелерін жақсы көремін. Құдайдың мені жақсы көретініне мен өте қуаныштымын. Менің сүйікті тақырыбым - сенім. Сау болыңыз. Ару».

Ару, саған көп рахмет. Саған әуендер мен өлеңдер ұнайтындықтан, біз қазір сен үшін әдемі әуен ойнап, әдемі өлеңді оқимыз...

Ендеше балалар, бірге тыңдайық!

(әуен ойнайды) Баяндаушы дауыстап оқиды:

Мен Оның жүзін көрмесем де, даусын естімесем де, Оның осында екенін білемін!
Құдай Исада бізбен бірге, Құдай әрқашан бізге жақын.
Ал егер әлдекім сене алмай, түсіне алмаса,
Мәсіх туралы әнді жүрегімен тыңдасын!

Мен Оның жүзін көрмесем де, даусын естімесем де, Оның осында екенін білемін!
Құдай Исада бізбен бірге, Құдай әрқашан бізге жақын.
Бірақ бұл дүниеде көбіне біз Мәсіхті көрмейміз,
Және көп мәсіхшілер Мәсіхсіз өмір сүреді.

Мен Оның жүзін көрмесем де, даусын естімесем де, Оның осында екенін білемін!
Құдай Исада бізбен бірге, Құдай әрқашан бізге жақын.
Біз Исамен бірге болғанда, Оған адал болғанымызда,
Біздің қуанышымыз адамдарға күндей жарқырайды.

Мен Оның жүзін көрмесем де, даусын естімесем де, Оның осында екенін білемін!
Құдай Исада бізбен бірге, Құдай әрқашан бізге жақын.
Орманға, теңізге, бүкіл Ғаламға қара!
Құдайдың жаратқанының бәрі Оны мадақтауда.

Мен Оның жүзін көрмесем де, даусын естімесем де, Оның осында екенін білемін!
Құдай Исада бізбен бірге, Құдай әрқашан бізге жақын.
Құдай бізді қауіп-қатерде қорғайды,
Қиындықта Ол әрқашан – менің адал Көмекшім.

Мен Оның жүзін көрмесем де, даусын естімесем де, Оның осында екенін білемін!

Құдай Исада бізбен бірге, Құдай әрқашан бізге жақын.

Қуаныңдар балалар! Тәңір осында. Ол әрқашан сендермен бірге.

Иса былай деді: «Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Матай жазған Ізгі хабар 28:20)


Рөлдер: Баяндаушы, Ару

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:13 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)