Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 091 (Who is the thief 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

91. Кім ұры 3


Рингу мен Батту ақ түсті шетелдіктің джиптегі қорапқа кабель жалғағанын қызыға қарап тұрды.

Содан кейін ақ түсті экран орнатылды. Кішкентай үнді ауылының тұрғындары мұны алғаш рет көрді. Олар бұрын ешқашан фильм көрмеген еді.

Сахиб Грабб: «Құдай бәріңді жақсы көреді. Ол Өзінің жалғыз Ұлын әлемге жіберді. Оның аты - Иса. Ол да біз сияқты, бірақ күнәсіз адам болды. Құдай күнәні жек көреді және күнәні өліммен жазалайды. Бірақ Иса, біз лайық болған жазамызды, Өз еркімен, Өз мойнына алып, біздің орнымызда айқышта өлді. Содан кейін Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті. Исаға сеніңдер, сонда сендер құтқарыласыңдар және көктегі орынға ие боласыңдар!»

Фильм аяқталғаннан кейін, Панду кішкентай органда әуен ойнай бастады және Сахиб Граббпен сөйлескісі келетіндердің барлығы қалды.

Рингу: «Сахиб, сен бізбен қашанға дейін боласың? Мен сенің Құдайың туралы көбірек білгім келеді».

Сахиб Грабб: «Ертең біз келесі ауылға барамыз. Бірақ біз міндетті түрде тағы кездесеміз».

Рингу мен Батту үйге қайтуға мәжбүр болды. Сонда олар джиптің жанында кішкентай органды байқады... Оларды осы сәтте ешкім көріп тұрған жоқ еді. Олар аспапты тез алып, қараңғыға жасырынып кетті. Олар кішкентай органды ескі қораға тығып қойды.

Олар үшін түн өте ауыр болды. Ар-ұждандарының азабын тартумен қатар, оларға түнімен егіс алқабын шибөрілерден қорғауға тура келді.

Аспанда толған ай жарқырап тұрды.

Рингу: «Батту, мұнда бір нәрсе қозғалып жатыр. Бұл жолбарыс! Бұл шынымен жолбарыс! Мен оның жарқырап тұрған көздерін көрдім!»

Батту: «Мүмкін сен оны түсіңде көрген шығарсың?»

Рингу: «Жоқ! Мен оны шынымен көрдім».

Келесі күні сұмдық хабар бүкіл ауылға тарады.

Ер адам: «Бұл жолбарыс еді. Адам жейтін жолбарыс!»

Әйел: «Немене? Қашан? Қайда?»

Ер адам: «Көрші ауылда жолбарыс адамға шабуыл жасады».

Рингу: «Біз де жолбарысты көрдік!»

Ауылда әбігерлік болып жатты. Сонда қарт аңшы бір жақсы жоспарды ұсынды.

Аңшы: «Өгізді өлтіріп, оның мәйітін ауыз суы бар тоғанның жағасына кешке қойған дұрыс болады. Ал біз мылтығымызды алып, үлкен ағаштың басына шығып, сол жерде отырып күтеміз. Қанның иісін сезген жолбарыс сонда келеді. Ол өгізді жей бастағанда, біз оны атып тастаймыз».

Ер адам: «Рингу, сен бізбен бірге барасың ба? Сен бізге көмектесе аласың».

Бала аң аулауға таңдалғанына өте риза болды. Бірақ ол қорықты. Жолбарысты аулау – қауіпті іс. Мұның соңы қайғылы болуы мүмкін, егер де...

Келесі шығарылымда біз Рингумен бірге аң аулауға барамыз.


Рөлдер: Баяндаушы, Сахиб Грабб, Рингу, Батту, аңшы, ер адам, әйел

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:12 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)