STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 100 (Join us)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

100. Бізбен бірге болыңдар


Жанат балет курстарына барады. Баян демалыс кезінде атқа міну сабағын алғысы келеді. Елдос дзюдо мектебін сәтті бітірді.

Ал мен сендерді керемет Киелі кітап курсына шақырғым келеді.

Бұл курс тегін. Онда сұрақ-жауап ойындары болады: сендер сұрақтарға жауап бересіңдер және құпия жазуларды шешесіңдер. Сонымен қатар сендер Құдай туралы және өздерің туралы көп нәрсені білесіңдер!

Нұрзада: «Мен осы курсты оқығым келеді. Ал оны қайдан алуға болады?»

Маған жазыңдар, және мен сендерге осы курсты жіберемін. Сендердің хаттарыңды күтемін.

Сапар бұл курсты аяқтап, барлық бес бөлімі бойынша сұрақтарға жауап берді.

Сапар: «Бәрі өте қызықты болды, маған бәрі ұнады».

Нұрзада: «Егер мен бұл курсқа жазылмасам, көп нәрсені жоғалтамын деп ойлаймын».

Мен де солай ойлаймын, Нұрзада. Күтпе, бүгін тіркел.

Балалар, сендер бүгіннен бастап бұл курсқа қатыса аласыңдар.

Және де осы курсқа қатысқысы келетін достарың болса, оларға да бұл туралы айтыңдар. Барлығың бірге тапсырыс бере аласыңдар.

Балалар, білесіңдер ме, бір Адам он екі жаста болғанда, Киелі кітап туралы өте көп білетін еді, бұған тіпті ересектер де таң қалды. Ересектер Оның қандай сұрақтар қойғанын және оларға қалай жауаптар бергенін қуана тыңдады.

Бұл шамамен екі мың жыл бұрын, Иерусалимдегі ғибадатханада болды.

Сендер Оның Кім екенін білесіңдер ме?

Білетін шығарсыңдар. Бұл Иса, Құдайдың Ұлы.

Біздің Киелі кітап курсы арқылы, сендер Оны және Оның Сөзін жақсырақ біле аласыңдар.

Киелі кітап курсына жазылыңдар, сонда сендер Киелі кітап туралы көбірек біле аласыңдар. Киелі кітапты оқыған адам көп нәрсені біледі!

Нұрзада: «Мен бұл курсқа міндетті түрде жазыламын!»

Ал сендер ше, балалар? Біз сендердің хаттарыңды күтеміз. Егер сендер де жазыламыз деп шешсеңдер, біз бұған өте қуанамыз.

Егер сіз балаларды біздің Киелі кітап курсына қатысуға шақырғыңыз келсе, біз сізге өз тіліңізге аудару үшін курстың материалдарын жібереміз.


Рөлдер: Баяндаушы, Нұрзада, Сапар

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:14 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)