STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 158 (Reward for M. 3) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
158. М. үшін сый-құрмет 3Естер патшайым өте батыл болды. Ол өз өмірін қатерге тігіп, парсы патшасына шақырусыз кірді. Бұл өз халқын, яһудилерді құтқару үшін жасалуы керек болатын. Ахасуер патша тағында отырды. Естердің кіріп келе жатқанын көріп, ол алтын асатаяғын оған қарай созды. Бұл оның Естерді қабылдағанын білдірді. Патша: «Естер патшайым, сен не үшін келдің? Қандай өтінішің бар?» Естер: «Патшам, мен сені, Хаман екеуіңді түскі асқа шақыруға келдім». Патша: «Қызметші, Хаманды тезірек осында шақыр! Патшайым бізді түскі асқа шақырып жатыр». Естер оларға дәмді тағам дайындады. Патша: «Естер патшайым, сен тағы не қалайсың? Қаласаң, патшалығымның жартысын саған беремін!» Естер: «Өтінемін, ертең де түскі асқа кел, Хаманды да ертіп ал. Сонда мен саған не қалайтынымды ашамын». Қу Хаман үйіне жақсы көңіл күймен оралып, мақтана бастады. Хаман: «Мен ең жоғарғы шенеунікпін. Патшайым мені патшамен бірге ас ішуге шақырды. Тек мені ғана! Мен ертеңгі күнге де шақырылдым. Бір ғана нәрсе мені ашуландырады: Мардохай әлі де маған бас имейді!» Әйелі: «Сен оның өзін осылай ұстауына жол бересің бе? Мына яһудиді дарға асуға бұйрық бер!» Естер өзінің асыраушы әкесі Мардохай үшін, Хаманның дар ағашын дайындап қойғанын білмеді. Бұл 25 метрлік үлкен дар ағашы болды. Бірақ Құдай бәрін көріп тұр. Құдай билік етеді! Ол түнде Ахасуер патшаға ұйқы бермеді. Патша: «Қызметші, мен ұйықтай алмай жатырмын. Менің күнделікті жазбалар кітабымды әкеліп, маған жақында болған оқиғаларды дауыстап оқып бер». Күнделікті жазбалар кітабында, Мардохайдың патшаны қастандықтан қалай құтқарғаны туралы жазылған еді. Патша: «Бұл үшін Мардохайға қандай сый-құрмет көрсетілді?» Қызметші: «Оған ештеңе де істелген жоқ». Келесі күні Хаман патшадан Мардохайды дарға асуға рұқсат сұрамақ болып, сарайға келді. Патша: «Хаман, патша құрмет көрсетпек болған адамға не істелуі керек?» Патша өзіне құрмет көрсеткісі келеді деп, Хаман ойлап қалды. Хаман: «Сол адамға патша киімін кигізіп, басына тәжі кигізіп, содан кейін патша аттарының біріне мінгізіп, қала көшелерімен оны жетелеп алып жүру керек. Ал патшаның қызметшісі қасында жүріп, былай дауыстап айқайлауы керек: міне, патша құрмет көрсетпек болған адам». Патша: «Хаман, сен қазір Мардохай үшін мұны істейсің!» Хаманның жүзі бозарып кетті. Келесі шығарылымда, сендер бұл киелі кітап оқиғасының қалай аяқталғанын біле аласыңдар. Рөлдер: Баяндаушы, патша, Естер, Хаман, әйелі, қызметші Авторлық құқықтар: CEF Germany |