Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 162 (Detective seeks co-workers)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

162. Ізші өзіне серіктестерді іздеп жүр


Ол өте жұмысбасты және оған бір қызықты жұмыс жөнінде көмек қажет. Балалар, оған көмектесе аласыңдар ма? Ол тез арада осы жерге жетуі керек.

(есіктің қоңырауы соғылады)

Бұл соның өзі шығар.

Ізші: «Сәлем! Менің атым Тапқыр Талғат. Мен ізшімін. Және маған сендердің көмектерің керек! Иә, дәл сендердің көмектерің қажет! Маған 1000-дай сот ісін шешу керек».

Сен асыра айтып жатқан сияқтысың.

Ізші: «Жарайды, 999 іс! Міне, бірінші іс. Бұл аса құпия іс. Бұл адам сенгіш адамдарды бұдан былай алдай алмауы үшін, бұл істі тезірек шешу керек. Бұл ұры, адамдардың қалтасынан ақша ұрлайды. Бірақ бұл ісін ол жақында бастады. Оны ұстау керек. Іздеп жатқан адамның сипаттамасы: кішкентай және атлетикалық денелі».

Анықтама Киелі кітапта бар: Лұқа жазған Ізгі хабар, 19 тарау, 2 аят.

Лұқа 19 тарау, 2 аят сендерге бұл адамды табуға көмектеседі.

Егерде Киелі кітаптарың болмаса, маған жазыңдар, мен оны сендерге жіберемін.

Ізші: «Екінші істе, сақ болу керек. Бұл адам қарулы. Ол қорқынышты сөздермен Құдайды мазақтайды. Оған өзінің іздерін жасыру оңай емес. Оның аяғының өлшемі – 73-ші өлшем болуы керек!»

Киелі кітапта ол туралы қай жерден табуға болатынын жазып алыңдар:

Патшалықтар 1-жазба, 17 тарау, 4 аят. Қайталап айтамын: Патшалықтар 1, 17 тарау, 4 аят.

Егер осы аяттың орынын таба алмасаңдар, онда Киелі кітаптың мазмұнына қарап, таба аласыңдар.

Ізші: «Үшінші іс мен үшін өте маңызды. Бұл адамды соңғы рет өзен жағасынан көрген. Оның киімі түйе жүнінен тігілген, ал сүйікті тағамы фри-картоп емес, шегіртке мен бал болатын (тамағын тазартып, жөтеледі).
Ол барлық адамдарды Құдаймен бірге өмір сүруге және күнә жасаудан бас тартуға шақырады. Көптеген адамдар оны тыңдап, күнәларын ашық мойындады. Мен бұл адамды тапқанда, маған жұмысты жалғастыру оңай болар еді».

Анықтама Киелі кітапта: Матай жазған Ізгі хабардың 3 тарауы, 1 аяты. Матай 3 тарау, 1 аят.

Ол өзінен кейін келетін Адамға жол дайындаған. Және де сендер Матай жазған Ізгі хабардың 1 тарауының, 21 аятында, сол Адамның Кім екенін біле аласыңдар.

Балалар, жауаптарыңды жазып, бізге жіберсеңдер, ізші Тапқыр Талғат бұған өте риза болады.

Ізші: «Дұрыс! Тезірек жазыңдар! Бұл өте өзекті істер!»

Жұмыстарың қызықты болсын!

Ізші: «Ізші Тапқыр Талғат».


Рөлдер: Баяндаушы, ізші Тапқыр Талғат

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:25 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)