Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 099 (Safari quiz)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

99. Сафари сұрақ-жауап


Біз сафариге бара жатырмыз. Балалар, сендер бізбен біргесіңдер ме?

Бала: «Біз Киелі кітап арқылы жануарларды іздейміз!»

Қыз: «Бұл жануарлардың кейбірі өте сүйкімді!»

Сендер олардың кейбірін міндетті түрде білесіңдер. Қаласаңдар, бұл жануарлардың кім екенін маған жазып жібере аласыңдар.

Ең алдымен біз Мысырға барамыз. Бұл жерде ауа райы өте ыстық, аспанда күн жарқырап тұр. Исраилдіктер 400 жыл бойы осы елде құл болды. Олар Құдайдан өздерін құтқаруын өтінді. Құдай олардың дұғаларын естіді, бірақ перғауын оларды жібергісі келмеді.

Жаза ретінде Құдай Мысырға жануарларды жіберді. Олардың көп болғаны соншалықты, олар бүкіл жер бетін басып кетті. Олар мысырлықтардың үйлеріне, тіпті төсектеріне кіріп кетті. Бұл қандай жануарлар?

Құдайдың елшісі Ілияс талай шақырым жол жүріп, өзен жағасына жетті. Сол жерде ол ұзақ отырды. Оған құстар таңғы және кешкі асқа тамақ әкеліп тұрды.

Қандай құстар оған нан мен етті “әуе поштасы” арқылы әкеліп тұрды?

Менің есіме Балағам түсті. Ол Құдайдан алыс болды. Бірде ол жануарына мініп, оны ұра бастағанда, жануар оған адам дауысымен сөйледі. Бұл қандай жануар еді?

Балалар, сендер әрине Арарат тауы туралы білесіңдер. Нұх пайғамбардың кемесі үлкен топан судан кейін, осы тауға тірелді. Қандай құс жер бетіндегі су деңгейінің айтарлықтай төмендегенін хабарлап, тұмсығында жасыл бұтақты әкелді?

Біз сафариді жалғастырамыз. Келесі ел – Бабыл, сол жерде Даниял пайғамбар тұтқында болғанда өмір сүрді.

Қыз: «Даниял пайғамбар мен үшін үлгі! Ол күніне үш рет сиынатын!»

Сол үшін ол аш жануарларға тасталды, бірақ олар Даниялды жей алмаулары үшін, Құдай олардың ауыздарын жауып тастады. Бұл қандай жануарлар?

Киелі кітапта қандай жануар ең айлакер деп аталатынын білесідер ме? Бұл - жылан. Оның көмегімен шайтан алғашқы адамдарды азғырып, оларды мойынсұнбаушылыққа итермеледі.

Бала: «Солай болмағанда, бәрі Құдаймен бақытты өмір сүрер еді».

Бірақ, өкінішке орай, солай болды және енді әрқайсымыз, жаратылысымыз бойынша, Құдайдан алыспыз. Сондықтан Иса бізді оңай адасып кететін жануарлармен салыстырады.

Қандай жануарлармен салыстыратынын білесіңдер ме?

Иса – ізгі Бағушы. Ол барлық адамдарды жақсы көретіндіктен, бізді атымызбен атайды.

Балалар, мына жануарлардың кем дегенде төртеуін атай аласыңдар ма? Маған жазып, жауаптарыңды жіберсеңдер, мен өте қуанамын.

(Жауаптар: құрбақа, қарға, есек, көгершін, арыстан, қой)


Рөлдер: Баяндаушы, бала, қыз

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 02:02 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)