Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 038 (A night in jail)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

38. Темір тордың ар жағындағы түн


Бұл адамдарға осының бәрі ұнамады. Олардың жүздерінде наразылық, ал көздері қызғанышқа толы еді.

1-ші саддукей: «Мұның бәріне қашанғы шыдаймыз?»

2-ші саддукей: «Мен сізбен келісемін. Оларға Иса туралы айтуға тыйым салу керек».

1-ші саддукей: «Егер осылай жалғаса берсе, көп ұзамай бәрі Құдайдың Исаны өлімнен қайта тірілткеніне сенетін болады».

2-ші саддукей: «Олардың басшыларын ұстайық!»

Бұлар саддукейлер еді. Жақында олар Исаны айқышқа шегелеуді ұйымдастырған болатын, ал енді Оның куәгерлерінің үндемеуін талап етуде.
Ғибадатхана күзетшілері халықтың арасынан сытылып өтіп, Петір мен Жоханды тұтқынға алды. Оларды алып кетіп, бір түнге түрмеге қамады.

Келесі күні таңертең олардан жауап алынды:

1-ші төреші: «Сендерде уағыз айтуға құқықтарың бар деп кім айтты? Ақсақ адамды емдейтін кереметтерді қалай жасай аласыңдар?»

Петір олардан мүлдем қорықпады. Ол батылдықпен:

Петір: «Сендер бізді ақсақ адамға көмектескеніміз үшін айыптайсыңдар ма? Бұл керемет сендер айқышқа шегелеген және Құдай Оны өліден қайта тірілткен Тәңір Исаның атынан болды. Тек Иса ғана халыққа құтқарылу бере алады – бүкіл әлемде Одан басқа ешкім адамдарды құтқара алмайды!» - деді.

Төрешілер Петрдің батылдығына таң қалды. Олармен ары қарай не істеу керектігін оңашада ақылдасу үшін, олар Петір мен Жоханды сыртқа шығарып жіберді.

1-ші төреші: «Бұл адамдармен не істейміз? Ақсақтың жүре бастағаны анық, бұл шындықты біз жоққа шығара алмаймыз. Оны бәрі көріп тұр».

2-ші төреші: «Бірақ біз бұл туралы басқалардың естуіне жол бермеуіміз керек. Олардың Иса туралы айтуына тыйым салайық».

Петір мен Жоханды қайтадан бөлмеге шақырды.

1-ші төреші: «Тыңдаңдар, енді сендерге Иса туралы уағыздауға рұқсат етілмейді. Бұл түсінікті ме? Сендер бұл бұйрықты орындауларың керек, әйтпесе…»

Петір төрешілерге былай деп жауап берді:

Петір: «Сендер шынымен, біз Құдайдан гөрі сендерді көбірек тыңдауамыз керек деп ойлайсыңдар ма? Біз үнсіз қала алмаймыз. Біз Исамен бірге өте көп уақыт өткіздік, сондықтан Ол туралы басқаларға айтуымыз керек».

Оларға тағы да үндемеу керектігі туралы ескерту айтылды, сонан соң оларды босатып жіберді.

Біз Петір мен Жохан сияқты адамдардан гөрі Құдайды көбірек тыңдауымыз керек.


Рөлдер: Баяндаушы, екі саддукей, екі төреші, Петір

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:59 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)