Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 018 (Breakfast per airmail 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

18. Әуе поштасы арқылы таңғы ас 3


Ілияс патша сарайынан асығыс шықты. Ол уақытты босқа өткізе алмады, өйткені құдайсыз патша Ахабтың Ілиясты өлтіру үшін ешңәрседен тайынбайтыны анық еді. Ілияс қорықпады, өйткені адал Құдайдың оны қиыншылықта қалдырмайтынын білді.

Құдай пайғамбарға анық сөйледі.

Құдай: «Ілияс, бұл жерден кет. Шығысқа барып, Хорат өзенінің жанында жасырын. Онда сен бұлақтан су ішесің, және Мен сені аш қалдырмаймын».

Ал, балалар, Құдай оны қалай тамақтандырғанын білесіңдер ме?

Ол қарғаларды жіберді, олар Ілиясқа ет әкеліп жүрді. Осындай кереметтер Ілиястың өмірінде болды: Құдай оған таңғы ас пен кешкі асты «әуе поштасы» арқылы жіберіп тұрды!

Құдай адал. Ол Өз қызметшісіне қажет нәрсенің бәрін, баспана, су мен тамақты берді.

Сол күндері аштықтан көп адамдар зардап шекті. Жаңбырсыз егін шықпады, елде азық-түлік тапшылығы болды. Бір күні Хорат өзені де құрғап қалды. Сол кезде Құдай Ілиясты шекараның арғы жағындағы Сарепта қаласына жіберді.

Қалаға кірген Ілияс бір әйелді көріп, одан былай деп сұрады:

Ілияс: «Маған ішуге құмырамен біразырақ су мен жейтін нан алып келші».

Әйел оған мұңайып қарап, әлсіреген дауыспен:

Әйел: «Барлық азық-түлігім таусылды, ештеңе қалмады. Үйде кеспегімнің түбінде тек бір уыс ұн мен құмырамның түбінде екі тамшы май ғана қалды. Содан ұлым екеуімізге нан пісіру үшін отын жинауға осы жерге келген едім. Соны жеп болған соң бізге өлу ғана қалады».

Ілияс: «Уайымдама! Мені саған Жаратқан Тәңір жіберді! Ол айтты: жерге қайтадан жаңбыр жауып, өнім шыққан күнге дейін кеспектегі ұның мен құмырадағы майың еш таусылмайды!»

Құдай адал! Оның уәде еткен сөздері әрқашан орындалады!

Расында да, әйел күнде ас әзірлесе де, оның ұны мен майы таусылмады. Енді оларда және Ілияс пайғамбарда тамақ үнемі жеткілікті болды. Қандай керемет!

Құдай адал! Сен Оған әрқашан сенім артсаң болады!


Рөлдер: Баяндаушы, Құдай, Ілияс, әйел

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 01:16 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)